Недвижимость Актобе

Информатор

Moderator
Команда форума
4 Дек 2018
442
33
28
Ақтөбе облысы әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында құрылыс және тұрғын үй – коммуналды шаруашылық саласының 2019 жылға арналған міндеттері талқыланды.

Биыл кемінде 1 млн теңге шаршы метр тұрғын үйді, 8500-ге жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Иманалин баяндағандай, өңірге «Базис-А», «BI Group», «Highvill» сынды ірі құрылыс компанияларын тарту жоспарда бар.

Жалпы, құрылыс жұмыстарының көлемі 207,3 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 46,9 млрд теңге бюджет қаражатынан, 15 млрд. теңге мемлекеттік—жеке серіктестік желісі бойынша, 145,4 млрд. теңге жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылмақ. Облыс басшысы құрылыс жобаларын жүзеге асыруда инвесторларды тартуды, жеке инвестициялар үлесін ұлғайтуды тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен басқа да құзырлы мемлекеттік органдардан ұзақ мерзімді құрылыс мәселесін шешуді, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту шарттарын оңтайландыруды, құрылыс саласында стандартты жобаларды кеңінен қолдануды талап етті.
Бұдан басқа, Бердібек Сапарбаев жауапты мекемелерді қымбат тұратын әлеуметтік нысандардың құрылысы үшін сынға алды.
 

Похожие темы